Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 149,97 теңге

АЛМАТЫ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы Т+ 0 (USD_TOD) есебімен аяқталды.
None
None
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 17 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін - 149,97 теңгені, ал сауда көлемі 259 600 мың долларды құрады. Доллар бағамы кешегі сауда қорытындысымен салыстырғанда, 5,99 теңгеге қымбаттап отыр.
Соңғы жаңалықтар