Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 150,42 теңгені құрады

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) Т+ 0 (USD_TOD) есебімен АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы аяқталды.
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 150,42 теңгені, ал сауда көлемі 50 500 мың долларды құрады. Өткен жұмадағы таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,15 теңгеге өсіп, сессия көлемі 7 940 мың долларға азайып отыр.
Соңғы жаңалықтар
telegram