11:34, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар бағамы 150,53 теңгені құрады
АЛМАТЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы Т+ 0 (USD_TOD) есебімен аяқталды.
USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 11 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін ? 150,53 теңгені, ал сауда көлемі 39 мың 135 долларды құрады. Өткен жұма күнгі таңертеңгілік сауданың қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,04 теңгеге қымбаттап, ал сессия көлемі 154 мың 365 теңгеге артып отыр.