12:00, 04 Ақпан 2009 | GMT +5
Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: доллар күрт қымбаттады
АЛМАТЫ. Ақпанның 4-і. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы Т+ 0 (USD_TOD) есебімен аяқталды.

USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды. Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 19 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін - 143,98 теңгені, ал сауда көлемі 295 515 мың долларды құрады. Доллар бағамы кешегі сауда қорытындысымен салыстырғанда, 21,66 теңгеге қымбаттап отыр.