12:16, 27 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы: USD_TOD = 121,70
АЛМАТЫ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы Т+0 (USD_TOD) есебімен аяқталды. USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды.

Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 20 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+0 есебімен валюта бірлігі үшін - 121,70 теңгені, ал сауда көлемі 401 520 мың долларды құрады.