12:33, 12 Ақпан 2009 | GMT +5
Қор биржасының таңертеңгілік сессиясы
АЛМАТЫ. Ақпанның 12-і. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ доллары бойынша таңертеңгілік сауда сессиясы Т+ 0 (USD_TOD) есебімен аяқталды. USD_TOD үшін бүгінгі сессия негізгі болды.

Бүгінгі саудаға қор биржасының «В» санатындағы 12 мүшесі қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат биржаға сілтеме жасап. АҚШ долларының бүгінгі орташа бағамы T+ 0 есебімен валюта бірлігі үшін - 148,39 теңгені, ал сауда көлемі 77 800 мың долларды құрады. Кешегі сауда қорытындысымен салыстырғанда, доллар бағамы 0,28 теңгеге қымбаттап, ал сессия көлемі 9 870 мың мың долларға өскен.