Қор нарығында доллар 1 теңгеге арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 480, 11 теңге.
Ұлттық банктің 1 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 481, 19 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,18 теңге.
Еуро – 538, 45.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 480,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 481,5 теңге. Еуро 533 – 536 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 478 теңге, сатып алу құны – 482 теңге. Еуро 531 теңгеден сатылып, 537 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 5,12 – 5,20 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін қор нарығында доллар қымбаттағанын жазған едік.