Қор нарығында доллар 2 теңгеге арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

доллар
Фото: freepik

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,09 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 485,04 теңге.

Ұлттық банктің 18 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 487,24 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,02 теңге.

Еуро – 529, 34.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 482,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 485,9 теңге. Еуро 523,5 - 528 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 483 теңге, сатып алу құны – 488 теңге. Еуро 523 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 4,97 - 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банк төрағасы осыған дейін жыл басынан бері теңге бағамы 5,8% әлсірегені туралы айтқан болатын

Сондай-ақ қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов теңге құнының әлсіреу себебін түсіндірді