Қор нарығында доллар 2 теңгеге арзандап, 533 теңге болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

доллар ва тенге
Фото: Kazinform/ Pixabay

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2 теңгеге арзандап, 533,87 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 535,99 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 534,81 теңгеден сатып алынады, 536,80 теңгеден сатылады. Еуро 620,30 – 624,87 теңге, ал рубль 6,56 – 6,66 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 73,66 теңгеден сатып алынады, 76,36 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 533,80 теңгеден сатып алынады, 538,97 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 619,80 теңге, сату - 629,21 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,57 теңге, сату - 6,67 теңге.

- юань: сатып алу - 73,53 теңге, сату - 76,70 теңге.

Еске салайық, 25 тамыз күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,37 теңгеге арзандап, 535,99 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар