Қор нарығында доллар 2 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

доллар
Фото: Александр Павский/ Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,36 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 519,28 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 521,5 теңге. Еуро 540 - 543,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 518 теңге, сатып алу құны — 524 теңге. Еуро 539 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,15 - 5,25 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 30 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 516,85 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,26 теңге. Еуро — 537,68.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ ақшасы үш қатарынан арзандап, бір долларының орташа бағамы – 520,91 теңге болды. 

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты. 

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар