Қор нарығында доллар 2 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. 

доллар
Фото: Александр Павский/ Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,79 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 504,34 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 507 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 504 теңге. Еуро 553 — 560 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 508 теңге, сатып алу құны — 502 теңге. Еуро 552 теңгеден сатып алынып, 559 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,85 - 6,00 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 4 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 501,57 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,98 теңге. Еуро — 554,34.

Осыған дейін Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеген болатын. 

Бұдан бөлек, Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтергені туралы жазған едік. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар