Қор нарығында доллар 2 теңгеге жуық арзандады

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады, деп хабарлайды Kazinform.

валюта
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 1,97 теңгеге төмендеп, 1 доллар 465,89 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 13 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 467, 90 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 467,5 теңге, сатып алу – 470, 03 теңге.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 466 теңгеден болса, сатып алу – 470.

Алматыда Ресей рублі 4,95 – 5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5 – 5,15 теңгеден сатылуда.

Соңғы жаңалықтар