Қор нарығында доллар 2,5 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

доллар ва тенге
Фото: Kazinform/ Pixabay

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,45 теңгеге қымбаттап, 544,26 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 541,68 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 544,03 теңгеден сатып алынады, 546,09 теңгеден сатылады. Еуро 634,74 – 638,69 теңге, ал рубль 6,42 – 6,54 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 76,10 теңгеден сатып алынады, 78,70 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

  • доллар 542,54 теңгеден сатып алынады, 547,54 теңгеден сатылады;
  • еуро: сатып алу - 633,49 теңге, сату - 641,50 теңге;
  • рубль: сатып алу - 6,39 теңге, сату - 6,54 теңге.
  • юань: сатып алу - 76,50 теңге, сату - 80,42 теңге.

Еске салайық, 25 қыркүйек күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,92 теңгеге арзандап, 541,68 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар