Қор нарығында доллар 3 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өсті.

Доллар
Фото: Freepik

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,68 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 516,16 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 516 теңге. Еуро 585 — 588 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 519 теңге, сатып алу құны — 513 теңге. Еуро 581 теңгеден сатып алынып, 588 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,06 — 6,22 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 2 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 512,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,31 теңге. Еуро — 582,07.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар