Қор нарығында доллар 3 теңгеге қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,40 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 521,60 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 521,2 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 523 теңге.Еуро 534,3 — 538,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 519 теңге, сатып алу құны — 525 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 540 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,19 - 5,29 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 3 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,14 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,27 теңге. Еуро — 537,57.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ ақшасы үш қатарынан арзандап, бір долларының орташа бағамы – 520,91 теңге болды.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.
Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.