Қор нарығында доллар 3,5 теңгеге арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

доллар
Фото: pixabay.com

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,5 теңгеге арзандап, 541,45 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 544,87 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 540,53 теңгеден сатып алынады, 5475,69 теңгеден сатылады. Еуро 631,88 –637,90 теңге, ал рубль 6,72 – 7,34 теңге аралығында саудаланады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 540,56 теңгеден сатып алынады, 547,56 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 629,64, сату - 639,64 теңге;

- рубль: сатып алу 6,69 теңге, сату - 6,84 теңге.

Еске салайық, таңертең елімізде доллар 540-550 теңге аралығында саудаланды.

Соңғы жаңалықтар