Қор нарығында доллар 466 теңгеге дейін арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады. 

валюта
Коллаж: Kazinform / Freepik

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,07 теңгеге арзандап, 466,33 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 470,46 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 463,00 теңгеден сатып алынады, 470,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 533,00 теңге, сату — 543,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,70 теңге, сату — 6,00 теңге.
— юань: сатып алу — 67,83 теңге, сату — 73,66 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 462,89 теңгеден сатып алынады, 465,43 теңгеден сатылады. Еуро 536,05 — 541,84 теңге, ал рубль 5,82 — 5,97 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,64 теңгеден сатып алынады, 70,51 теңгеден сатылады.

Еске салайық, өткен апта аяғында доллардың орташа бағамы 1,96 теңгеге арзандап, 470,46 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар