Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді. 

Қор нарығында доллар арзандады
Фото: Әділет Беремқұлов/Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,04 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 510,59 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 512,6 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 510 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 577, сату құны — 582.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 508 теңге. Еуро 572 теңгеден сатып алынып, 579 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,23 — 6,42 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 21 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 511, 59 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,33 теңге. Еуро — 575,28.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты

Соңғы жаңалықтар