Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 54 теңгеге арзандады.

Доллар
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 482, 94 теңге.

Ұлттық банктің 5 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 483, 57 теңге. 

Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,41теңге. 

Еуро – 534, 49.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 483,4 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 484 теңге. Еуро 533,5 – 537 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 481 теңге, сатып алу құны – 486 теңге. Еуро 531 теңгеден сатылып, 537 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 5,25 – 5,37 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар