Қор нарығында доллар арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 3,54 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 510,08 теңге.
Ұлттық банктің 9 желтоқсанға арналған ресми бағамы — 1 долларға 514,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,17 теңге. Еуро — 544,60.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 509,5теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 514 теңге. Еуро 537 — 543 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 509 теңге, сатып алу құны — 516 теңге. Еуро 532 теңгеден сатылып, 542 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,05 - 5,20 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді.
Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының өзгеруі импорт тауарларының құнына әсер етуі мүмкін екенін айтты.
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, теңге бағамының әлсіреуіне негізгі үш фактор әсер етіп отыр.