Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

доллар
Фото: freepik

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,72 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 480, 59 теңге.

Ұлттық банктің 27 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 483, 65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,27 теңге. Еуро – 540,29.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 480,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 481,7 теңге. Еуро 536 – 538 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 479 теңге, сатып алу құны – 483 теңге. Еуро 534 теңгеден сатылып, 539 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 5,17 – 5,27 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар