Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

доллар
Коллаж: Kazinform / Freepik / Pixabay

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,16 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 516,91 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 516 теңге. Еуро 584 — 590 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 521 теңге, сатып алу құны — 514 теңге. Еуро 583 теңгеден сатып алынып, 590 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,21 - 6,40 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 15 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 518,21 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,30 теңге. Еуро — 590, 09.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.

 

Соңғы жаңалықтар