Қор нарығында доллар арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,50 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 529,70 теңге.
Ұлттық банктің 15 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 530,24 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,16 теңге. Еуро — 543,97.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 530 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 531,2 теңге. Еуро 544 — 548 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 531 теңге, сатып алу құны — 532,5 теңге. Еуро 545 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,10 - 5,15 аралығында саудаланып жатыр.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.
Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.