Қор нарығында доллар арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

Қор нарығында доллар арзандады
Фото: freepik

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,28 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 521,90 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 522 теңге. Еуро 592 — 596 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 527 теңге, сатып алу құны — 520 теңге. Еуро 590 теңгеден сатып алынып, 597 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,35 - 6,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 18 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 523,2 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,38 теңге. Еуро — 594,3.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар