Қор нарығында доллар арзандап жатыр

доллар
Фото: pexels.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді.

Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар құны 1,34 теңгеге төмендеп, 1 доллар 444,32 теңге болды.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 23 сәуірге белгілеген ресми бағамы – 1 доллар үшін 446, 49 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 444,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу – 446,3 теңге.

Ал, Астана қаласында сату бағасы – 444 теңге болса, сатып алу – 448 теңге.

Ресей рублі Алматыда 4,73 – 4,76 теңге, Астанада 4,68–4,78 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бұған дейін қаржы сарапшылары теңгенің не себепті нығайғанын түсіндірген еді.

Соңғы жаңалықтар