Қор нарығында доллар бағамы 3 теңгеге жуық арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы төмендеді.

обмен валюты, ақша айбастыру
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,95 теңгеге түсіп, 457,21 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 460,80 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 454,00 теңгеден сатып алынады, 461,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 530,00 теңге, сату — 540,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,80 теңге, сату — 6,10 теңге.
— юань: сатып алу — 67,31 теңге, сату — 73,10 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 458,50 теңгеден сатып алынады, 460,00 теңгеден сатылады. Еуро 534,27 — 539,97 теңге, ал рубль 5,94 — 6,07 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,25 теңгеден сатып алынады, 70,11 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 27 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,93 теңгеге түсіп, 460,80 теңге болды.