Қор нарығында доллар бағамы өсті

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

валюта
Коллаж: Kazinform/ Canva

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,71 теңгеге қымбаттап, 474,90 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 473,13 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 470,01 теңгеден сатып алынады, 477,01 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 551,99 теңге, сату — 561,99 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,10 теңге, сату — 6,40 теңге.
— юань: сатып алу — 68,33 теңге, сату — 74,20 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 473,28 теңгеден сатып алынады, 475,58 теңгеден сатылады. Еуро 552,77 — 560,50 теңге, ал рубль 6,12 — 6,25 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 69,24 теңгеден сатып алынады, 72,05 теңгеден сатылады.

Еске салайық, мұнай бағасы қайтадан 100 доллардан асты.

Соңғы жаңалықтар