Қор нарығында доллар бағамы сәл арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

15 ноябрь куни Қозоғистонда доллар қанча тенгедан сотилади
Коллаж: Kazinform / Freepik / Pixabay

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,61 теңгеге түсіп, 458,13 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 458,85 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 453,00 теңгеден сатып алынады, 460,00 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 496,00 теңге, сату - 506,00 теңге;

- рубль: сатып алу - 5,20 теңге, сату - 5,40 теңге.

- юань: сатып алу - 67,72 теңге, сату - 71,70 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 457,10 теңгеден сатып алынады, 458,99 теңгеден сатылады. Еуро 500,48 – 504,81 теңге, ал 5,24 – 5,35 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,21 теңгеден сатып алынады, 69,62 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 26 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,48 теңгеге өсіп, 458,85 теңге болды.