Қор нарығында доллар бағамы сәл көтерілді
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,47 теңгеге қымбаттап, 538,56 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы – 538,12 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 539,01 теңгеден сатып алынады, 540,87 теңгеден сатылады. Еуро 626,06 – 629,84 теңге, ал рубль 6,57 – 6,68 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 75,89 теңгеден сатып алынады, 78,36 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
– доллар 537,40 теңгеден сатып алынады, 543,42 теңгеден сатылады;
– еуро: сатып алу - 624,43 теңге, сату - 632,48 теңге;
– рубль: сатып алу - 6,57 теңге, сату - 6,72 теңге.
– юань: сатып алу - 76,20 теңге, сату - 80,07 теңге.
Еске салайық, 20 қазан күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,64 теңгеге қымбаттап, 538,12 теңге болды.