Қор нарығында доллар бірден 5,72 теңгеге қымбаттады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы күрт өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

汇率
Фото: Mukhtar Kholdorbekov

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,72 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 482, 77 теңге.

Ұлттық банктің 27 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 476,89 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,95 теңге.

Kurs.kz дерегіне сүйенсек, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 481,15 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 483,5 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 479 теңге, сатып алу құны– 484 теңге.
Ресей рублі 4,75 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Соңғы жаңалықтар