Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандап жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,36 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 527,58 теңге.
Ұлттық банктің 21 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 529,99 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,21 теңге. Еуро — 546,63.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 525,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 528 теңге. Еуро 543 — 547,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 525 теңге, сатып алу құны — 529 теңге. Еуро 543 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,13 - 5,23 аралығында саудаланып жатыр.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.
Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.