Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан қымбаттап жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. 

доллар
Фото: Александр Павский/ Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,53 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 530,24 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 530,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 531,5 теңге. Еуро 543 — 547 теңге аралығында құбылып тұр. 

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 530 теңге, сатып алу құны — 534 теңге. Еуро 540 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады. 

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,12 - 5,20 аралығында саудаланып жатыр. 

Ұлттық банктің 14 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 528,52 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,17 теңге. Еуро — 539,14.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты. 

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді. 

Соңғы жаңалықтар