Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 1,54 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 522,42 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 524 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 526 теңге. Еуро 543,5 — 548,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 523,5 теңге, сатып алу құны — 527 теңге. Еуро 544 теңгеден сатылып, 547 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,15 - 5,24 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 23 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 520,91 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,29 теңге. Еуро — 544,25.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ ақшасы үш қатарынан арзандап, бір долларының орташа бағамы – 520,91 теңге болды.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.
Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.