16:29, 26 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,90 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 476,89 теңге.
Ұлттық банктің 26 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 473,98 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,90 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 476,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 478,9 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 474 теңге, сатып алу құны – 479 теңге.
Ресей рублі 4,77 - 4, 97 теңге аралығында саудаланып жатыр.