Қор нарығында доллар қайта өсті
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл өсті.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы сәл қымбаттап, 531,96 теңге болды.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 528,40 теңгеден сатып алынады, 534,48 теңгеден сатылады. Еуро 621,18 –625,58 теңге, ал рубль 6,66 — 6,77 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 530,52 теңгеден сатып алынады, 537,52 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 615,42 теңгеден сатып алуға, сату — 623,91 теңге;
— рубль: сатып алу 6,71 теңге, сату — 6,82 теңге.
Еске салайық, 21 шілде күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 529,59 теңге болды.