Қор нарығында доллар қайта қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

Доллар
Фото: freepik.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,70 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 481, 22 теңге.

Ұлттық банктің 28 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 480,59 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,26 теңге. Еуро – 536,58.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 480,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 482,9 теңге. Еуро 534,5 – 539 теңге аралығында саудалануда.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 479 теңге, сатып алу құны – 483 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 538 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 5,16 – 5,27 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 27 тамыз күні АҚШ ақшасы 2,72 теңгеге арзандаған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар