17:14, 05 Қазан 2023 | GMT +5
Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,70 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы 477,44 теңге.
Ұлттық банктің 5 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 476,59 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,79 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 477, 3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 480,1теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 475 теңге, сатып алу құны– 480 теңге.
Ресей рублі 4,68 – 4, 83 теңге аралығында саудаланып жатыр.