Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 2,93 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 518,21 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 519 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 517 теңге. Еуро 586 — 592 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 522 теңге, сатып алу құны — 515 теңге. Еуро 582 теңгеден сатып алынып, 592 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,13 — 6,29 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 14 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 514,94 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,13 теңге. Еуро — 583, 74.
Бұған дейін Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтергені туралы жазған едік.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.