Қор нарығында доллар қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

доллар
Фото: pexels.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,66 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 516,85 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 520 теңге. Еуро 538 - 541,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 517 теңге, сатып алу құны — 523 теңге. Еуро 539 теңгеден сатылып, 545 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,20 - 5,30 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 29 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 516,13 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,29 теңге. Еуро – 538,01.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ ақшасы үш күн қатарынан арзандап, бір долларының орташа бағамы – 520,91 теңге болды. 

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты. 

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар