Қор нарығында доллар қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

доллар
Фото: freepik.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,45 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 501,49 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 501,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 500 теңге. Еуро 525 — 528 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 505 теңге, сатып алу құны — 499 теңге. Еуро 529 теңгеден сатылып, 522 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,65 - 5,80 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 27 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 501,28 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,86 теңге. Еуро — 526,19.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты. 

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар