Қор нарығында доллар нығайды
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы шамалы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,52 теңгеге қымбаттады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 512,66 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 514 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 512,5 теңге. Еуро сатып алу бағамы — 578, сату құны — 582.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 517 теңге, сатып алу құны — 511 теңге. Еуро 578 теңгеден сатып алынып, 585 теңгеден сатылып жатыр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,28 - 6,47 аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 28 мамырға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 512, 16 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,39 теңге. Еуро — 580,94
Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты.