Қор нарығында доллар сәл арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

доллар
Фото: freepik

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,6 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 521,53 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 522 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 520 теңге. Еуро 596 — 602 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 524 теңге, сатып алу құны — 518 теңге. Еуро 595 теңгеден сатып алынып, 605 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,29 - 6,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 21 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 521,9 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,39 теңге. Еуро — 593,5.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар