Қор нарығында доллар сәл арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы сәл арзандады.

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,70 теңгеге арзандап, 529,59 теңге болды. Ұлттық банктің 18 шілдедегі ресми бағамы — 533,61 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 529,78 теңгеден сатып алынады, 531,74 теңгеден сатылады. Еуро 616,44 –620,59 теңге, ал рубль 6,64–6,75 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
— доллар 527,57 теңгеден сатып алынады, 534,57 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 611,63 теңгеден сатып алуға, сату — 621,63 теңге;
— рубль: сатып алу 6,69 теңге, сату — 6,80 теңге.
Еске салайық, таңертең шетелдік валюта бағамы қандай болғанын жазғанбыз.