Қор нарығында доллар сәл арзандады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

доллар
Фото: freepik

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,09 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 529,65 теңге.

Ұлттық банктің 16 қаңтарға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 529,70 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,17 теңге. Еуро — 545,96.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 529 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 532 теңге. Еуро 544,5 — 549,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 531 теңге, сатып алу құны — 533 теңге. Еуро 546 теңгеден сатылып, 548 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,07 - 5,19 аралығында саудаланып жатыр.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді. 

Соңғы жаңалықтар