Қор нарығында доллар сәл қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

доллар
Фото: pexels.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,02 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 499,11 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 500 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 498 теңге. Еуро 519 — 523 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 502 теңге, сатып алу құны — 496 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 517 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,42 - 5,62 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 3 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 499,22 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,64 теңге. Еуро — 519,14.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.

 

Соңғы жаңалықтар