Қор нарығында доллар шамалы арзандады

Доллар
Фото: Александр Павский/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,16 теңгеге арзандады. 

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 488,26 теңге. 

Ұлттық банктің 31 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 488,45 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,04 теңге. Еуро – 529,19. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 488,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 489,5 теңге. Еуро 530 – 533 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 487 теңге, сатып алу құны – 492 теңге.Еуро 527 теңгеден сатылып, 533 теңгеден сатып алынады.

Ресей рублі 4,97 - 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бұған дейін қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов теңге құнының әлсіреу себебін түсіндірді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram