16:35, 03 Қазан 2023 | GMT +5
Қор нарығында доллар шамалы арзандады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,90 теңгеге төмендеп, 1 доллар 477,25 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 3 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 478,35 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 476,5 теңге, сатып алу – 479,5 теңге.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 475 теңгеден болса, сатып алу – 480 теңге.
Алматыда Ресей рублі 4,69 – 4,89 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ал, Астанада көрші ел валютасы 4,75 – 4,90 теңге.