Қор нарығында доллар тағы арзандады - 519 теңге

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.

доллар
Фото: freepik.com

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,47 теңгеге арзандап, 519,41 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 521,01 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 519,31 теңгеден сатып алынады, 522 теңгеден сатылады. Еуро 600,19 – 604,66 теңге, ал рубль 6,34 – 6,46 теңге аралығында саудаланады. Юань 73,93 теңгеден сатып алынады, 76,47 теңгеден сатылады.

Елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 517,62 теңгеден сатып алынады, 524,62 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 601,47 теңге, сату - 609,65 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,32 теңге, сату - 6,47 теңге.
- юань: сатып алу - 74,92 теңге, сату - 78,80 теңге.

Еске салайық, 18 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,63 теңгеге арзандап, 521,01 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар