Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

доллар
Фото: freepik.com

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,43 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 499,74 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 502 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 500 теңге. Еуро 521 — 526 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 503 теңге, сатып алу құны — 497 теңге. Еуро 521 теңгеден сатылып, 528 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,46 - 5,61 аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 4 наурызға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 499,11 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,58 теңге. Еуро — 521,12.

Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.

Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді.

 

Соңғы жаңалықтар