Қор нарығында доллар тағы қымбаттады
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
Сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 22 қазан кешімен салыстырғанда тағы 2,19 теңгеге өскен.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 486,65 теңге.
Ұлттық банктің 23 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 484,19 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,03 теңге.
Еуро – 524,28.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 485,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 487,9 теңге. Еуро 525 — 528 теңге аралығында саудалануда.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 484 теңге, сатып алу құны – 489 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.
Ресей рублі 5,00 – 5,10 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы осыған дейін жыл басынан бері теңге бағамы 5,8% әлсірегені туралы айтқан болатын.
Сондай – ақ қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов теңге құнының әлсіреу себебін түсіндірді.